daryn-sadik.kz
Open in
urlscan Pro
89.35.125.33
Public Scan
URL:
https://daryn-sadik.kz/
Submission: On June 03 via api from LU — Scanned from DE
Submission: On June 03 via api from LU — Scanned from DE
Form analysis
0 forms found in the DOMText Content
* Басты бет * Жаңалықтар легі * Аттестация * Фотогалерея * Біз жайлы * Байланыс бөлімі "ДАРЫН БАЛАБАҚША ЯСЛИІ" ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ,ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ТӘРБИЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ Үйдің берік болмағы – іргетасынан. Ал барлық білім беру жүйесінің іргетасы – балабақша. Мемлекеттік рәміздерді қорлағандардың тым құрығанда орта деңгейлі білімі бары анық. «Олар мемлекеттің байлығын, тәуелсіздіктің нышанын қызғыштай қору керегін білмей ме? Оқу бағдарламасына енген ғой...» деген ойға қаласыз. Сондай сәтте тәрбие еске түседі. Иә, қазіргідей білім мен ғылымның заманында әріп танымайтын жанды жолықтыру қиын-ақ. Дегенмен қоғамда қызу талқыланатын тәртіпсіздіктер әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби айтқан «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейтін қанатты сөздің әлі де өзектілігі жойылмағанын көрсетеді. Осы орайда «Оқу ошақтары білімді қандай тәрбиеге негіздейді?», деген сауал туады. Елордадағы «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Зейнәділқызы мектепке дейінгі ұйымдарға арналған стандарт пен оқу бағдарламасының талаптарына сай жұмыс істеп отырған тәрбие мен білімнің ұясы балаларға ұлттық құндылықтарды сіңіре алатынын айтады. «Еліміздегі барлық балабақшаға ортақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және осыған негізделген үлгілік оқу бағдарламасы бар. Енді осы бағдарламаның мақсатында балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлерге және жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеудің көзделетіні анық көрсетілген. Демек жас ұрпақтың бойына балабақшадан бастап рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, ұлттық салт-дәстүрге негізделген отансүйгіштік сезімін ояту бағытында тәрбие мен білім берілуі қажет. Бұған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ісінде мемлекеттік құжаттың өзі бағыт беріп тұр», дейді Б.Зейнәділқызы. Балабақша басшысының айтуынша, аталған ұйым тәрбиеленушілерінің өзге елдердегі қатарластарынан білім-білік, дағдысымен қалыс қалмау үшін халықаралық тәжірибені, шетелдік оқыту технологияларын зерделейді, дегенмен өз оқу-тәрбие үдерісіне енгізуде ұлттық тәрбиеге ыңғайлайды. Сонымен қатар салт-дәстүрлерге негізделген тәрбие мен білім жыл бойына жүргізіледі. «Ұлттық құндылықтарға, салт-дәстүрге негізделген тәрбие мен білім жоспардағы сабақтардың, қосымша танымдық-шығармашылық жұмыстардың барлығын қамтиды. Мәселен, балабақшамызда Наурыз мерекесі бір ай бойы тойланды. «Наурыз – ізгіліктің бастауы» атты бір айлық мерекеде тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге «Атқа мінгізу, «Бүркіт қондыруға» куә болып, ұлттық ойындарды өздері ойнап, ағаш егіп, Қыдыратадан бата алды. Осы арқылы ойын-сауыққа емес, балаларға ата-бабамыздың салт-дәстүр, таным-түсінігінен тәрбие мен білім беруге тырыстық. Бір күндік іс-шарадан баланың ойында көп нәрсе сақталмауы мүмкін. Ал бірнеше күнге, тіпті апталарға созылған салтанатты сәттен ойына тоқып қалатыны анық. Тағы бір мысал, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған тәрбиелік, танымдық бағыттағы жұмыстар да бір күннің шаруасы емес. Бұл тақырыптық сабақтардан бастап танымдық, музыкалық, тәрбиелік жұмыстарға дейін барлық топты, әрбір сабақты қамтиды», дейді «Қарлығаш» балабақшасының директоры. Күні кеше Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптардың күшейтілетінін хабарлады. Оған балабақшалардағы бейберекетсіздік пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 80 пайызы, яғни басым бөлігінің мемлекеттік аттестаттаудан өте алмағаны себеп болған. Біз 3-6 жастағы балаларды балабақшамен 100 пайызға қамтыдық деп қуандық. Сөйтсек, нәтиже басқаша. Бұл саннан сапаға көшетін кездің келгенін көрсетеді. 1 Website Template created with Artisteer.